Шын мәнінде, өмірлік тәжірибе беретін, болашақта сабақ болатындай жағдайлар суреттелетін жасөспірімдер көруге тұрарлық фильмдер бар.
Сол фильмдер тізімін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ауыстыруға келген мұғалім
Бұл фильмде ауыр мінезді жасөспірімдер оқитын мектеп туралы баяндалады.
Өте әсерлі фильм. Түрлі тақырыптарды қамтиды: жалғыздық, түсініспеушілік, қатыгездік, мейірімділік, ата-ананың жатырқауы.
2. Теңіз әні
Достық, отбасы туралы, есею мен бақыт жолындағы құрбандықтар жайлы сиқырға толы оқиға. Фильм атмосферасы әлдебір ертегідегідей әсер қалдырады, әр жастағы көрермендерге ұсынылатын туынды.
3. Триумф: Рон Кларктің тарихы
Жасап жатқан істеріміздің бәріне жеке қарым-қатынасымыз бар. Бұл ұранды керемет ұстаз Рон Кларк ұстанады. Бұл ұстаз - әр адамның өмірінде болуы тиіс мұғалімдердің бірі. Себебі ол үшін болашағы жоқ оқушы жоқ.
4. Spivet мырзаның керемет саяхаты
Бұл фильмнің басты кейіпкері - он екі жасар бала. Ол Вашингтондағы ең жақсы оқу орындарының бірінде баяндама жасауға шақырту алады.Бірақ, ол елден қашып кетеді.
5. Лабиринт
Керемет қызықты фильм, онда негізгі кейіпкер Сара Гоблиндер алып кеткен кіші інісін құтқаруға мәжбүр болады. Қыз інісіне көмектесу үшін алыс және қауіпті сапарға барады, әйтпесе інісі зұлым гоблинге айналады.
